top of page
Біздің мектепке хош келдіңіз!

Құрметті мүғалімдер, ата-аналар және оқушылар! Біздің №4 Шұбарқұдық орта мектебіне хош келдіңіздер! Біздің сайттан сіздер біздің мектептің жаңалықтарын, мектептің тыныс-тіршілігін, мұғалімдер ұжымы және басқа да көптеген ақпарат ала аласыздар!

Байланысу
ақпаратары

Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Шұбарқұдық кенті

Байғанин көшесі, 7

Тел.: +71(346)2 24 02 

Факс: +71(346)2 24 02     

МЕКТЕП  ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
31.08.2019 ж

Құрметті  Ата-аналар,  ұстаздар,  оқушылар!

 

          Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Сондықтан сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен  құттықтаймын!

         Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты  оқиға.Түлектер өздерінің  11  жыл білім алған  алтын  ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

         Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден  абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалы тарын жақсы өткізіп,  күш  жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу  жылына  оралуларыңызға   тілектеспін.

         Сіздер бүгін үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  жасұрпақ  тәрбиесіне,  білім  беру ісіне ерекше назар аударып,  Сіздердің сапалы  білім  алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша  жағдай жасап  отыр. Білімді, көзіашық, көкірегі  ояу  болуға  ұмтылу – біздің  қанымызда  бар қасиет  - деп      Елбасымыз  айтқандай , бұл – рухани  жаңғыруымыздың  басты  негіздерінің   бірі.

         Үштілді  жетік меңгеріп,  рухани  бай, білімді  азамат  болыңыздар. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге  баулыған ұстаздарыңызды  қадірлей  біліп, солардың  үмітін  ақтауға  тырысыңыздар.  Бір сөзбен айтқанда  еліміздің болашағы – Сіздердің  қолдарыңызда. Сондықтан да  қай  кезде де терең  білім  алу  жолында  жалықпай, талмай   ізденіп, ел тізгінін   ұстайтын   азамат   болуларыңызға  шын  жүректен  тілектеспін. Ақжол!

                 

          Құрметпен,

          Қазақстан   Республикасындағы

          Бала құқықтары   жөніндегі    уәкіл                     З. Балиева

bottom of page